Құлагердей тұрған өрде тынығып,
Қарапайым көрінеді ұлылық.
Кең даланың қақ төсінде тау жатыр,
Атын айтсаң кетер жаның жылынып.
Өр тұлғасы маңғаз, кербез, сымбатты,
Ұларлы жер баба сырын тыңдатты.
Бар қазаққа орда болған ақжолтай,
Жер табылмас Ұлытаудан қымбатты.